Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда тұрғынынан тіркелмеген травматикалық тапанша мен 3 аңшы пышағы тәркіленді

Қарағандыда тұрғынынан тіркелмеген травматикалық тапанша мен үш аңшы пышағы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 мамырда Қарағандыда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысының ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстады. Тіркелмеген сегіз оғы бар “ОСА” травматикалық тапанша мен үш аңшы пышағы ұсталған адамның пәтерін тексеру кезінде алынды. Ол бұл қаруларды заңсыз сақтағаны белгілі болды.

ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру