Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыдағы білім беру мекемесінен ер адам екі ұялы телефон ұрлап кетті

Қарағандыдағы білім беру мекемесінен ер адам екі ұялы телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне оқу орындарының бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, әкімшілік кеңсесінің қызметкері белгісіз біреу екі ұялы телефонды ұрлап кеткенін түсіндірді. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер «ізін суытпай» күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру