Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам ойыншық қарумен қорқытып, әйелдің млн теңгесін алып кетті

Түркістан облысының полицейлері тұрғынды ойыншық қарумен қорқытып, миллион теңгесін алып кеткен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын әйелден хабарлама келіп түскен. Онда жәбірленушінің үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, қару көрсетіп бір миллион теңгесі мен ұялы телефонын алып кеткенін айтқан. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1,1 миллион теңге.

Аталған деректі полицейлер ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша тіркеді. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат тұрғын үйінен ұсталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдікті ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті жәбірленуші әйелді ойыншық қарумен қорқытып, ақшасын жымқырып кеткен. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде жымқырған ұялы телефон мен бір миллион ақшаны алып, заңды иесіне қайтарды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға тұрғын үй қауіпсіздігімен қатар, өз мүліктерін сақтау шараларын үнемі қолдану қажеттігін ескертеді. Мүмкіндігінше үйлерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнату қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру