Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің аумағын дрондардың көмегімен патрульдеу күшейтілді
Қарағандыдағы колонияда аумақты дрондардың көмегімен патрульдеу күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру және объектілер аумағын бақылаудың заманауи тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында мекеме периметрін қосымша бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Дрондарды пайдалану аумақты әуеден бақылауға және қосымша шолу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бақылаудың тиімділігін арттырып, белгіленген режимнің ықтимал бұзушылықтарын уақтылы анықтауға ықпал етеді.
Заманауи технология қызметкерлерге аумақтың едәуір бөлігіндегі жағдайды жедел бағалауға және қажет болған жағдайда туындаған штаттан тыс жағдайларға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.
— Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мекеме аумағына бақылауды күшейтіп, қызмет атқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әуеден бақылау қосымша шолу жасап, қызметкерлерге жағдайды жедел бағалауға көмектеседі. Бұл ретте дрон жеке құрамның жұмысын алмастырмайды, керісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі қосымша құрал болып табылады, — деді мекеме қызметкері.
Заманауи техникалық шешімдерді енгізу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі күзет пен бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Ұшқышсыз технологияларды қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстүрлі әдістерін мониторинг жүргізудің заманауи мүмкіндіктерімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қарағанды облысының ҚАЖ мекемелерінде заманауи технологияларды енгізу және пайдалану бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қарағандыдағы колонияда аумақты дрондардың көмегімен патрульдеу күшейтілді
Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру және объектілер аумағын бақылаудың заманауи тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында мекеме периметрін қосымша бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Дрондарды пайдалану аумақты әуеден бақылауға және қосымша шолу жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бақылаудың тиімділігін арттырып, белгіленген режимнің ықтимал бұзушылықтарын уақтылы анықтауға ықпал етеді.
Заманауи технология қызметкерлерге аумақтың едәуір бөлігіндегі жағдайды жедел бағалауға және қажет болған жағдайда туындаған штаттан тыс жағдайларға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.
— Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану мекеме аумағына бақылауды күшейтіп, қызмет атқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әуеден бақылау қосымша шолу жасап, қызметкерлерге жағдайды жедел бағалауға көмектеседі. Бұл ретте дрон жеке құрамның жұмысын алмастырмайды, керісінше қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі қосымша құрал болып табылады, — деді мекеме қызметкері.
Заманауи техникалық шешімдерді енгізу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі күзет пен бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Ұшқышсыз технологияларды қолдану қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстүрлі әдістерін мониторинг жүргізудің заманауи мүмкіндіктерімен ұштастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Қарағанды облысының ҚАЖ мекемелерінде заманауи технологияларды енгізу және пайдалану бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
