Қарағандылық әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Қарағандылық әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ 27 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреумен болмашы нәрсеге бола жанжалдасып қалғанын хабарлады. Жанжал кезінде қаскүнем оған шабуыл жасап, дене жарақатын келтірген.
ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
4 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.