Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның жоғалған үш сиырын тауып берді

Мақтааралдық полицейлер тұрғынның жоғалған үш сиырын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы үш бас сиырының жоғалғаны туралы арызданған. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Содан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұраған.

Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.

Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Мақтаарал АПБ-ның полицейлері жоғалған сиырларды 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан тапты. Табылған үш сиыр иесіне қайтарылды.

– Мен үш бас сиырымды жоғалтып, Мақтаарал ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады. Жоғалған малды тауып берді. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет, – деді ауыл тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру