Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық «фирмаға» 3 миллион теңге қаржы құйып, алданып қалды

Қарағандылық азамат жалған фирмаға үш миллион қаржы құйып алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына 29 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгінген. Азамат қалада өзін жауапкершілігі шектеулі серіктестігімін деп таныстырған белгісіз біреумен танысып, екеуара бизнес ашпақ болып келіскен. Бейтаныс «фирма директоры» оған қомақты ақша табамыз деп сендіріп, тез арада байлыққа белшеден бату үшін бизнеске үш миллион теңге қаржы құюға көндіріп, жәбірленуші 2019 жылдың қазан айында танысының айтуы бойынша үш миллион қаржы салған.

Арада бірнеше ай өткен соң, салынған ақшадан пайда түспей жатқанын сезген жәбірленуші танысқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорымен бетпе-бет сөйлесуге келсе ол жерде мекеме кеңсесі және директор болмай шыққан.

Сол кезде алаяқтың арбауына түскенін сезген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру