Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық жеке таксимен есірткіні Алматыға жеткізбек болды

Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты.

– Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген Б.есімді азамат жолаушы ретінде келе жатты. Оның қатысуымен жеке тексеру кезінде процессуалдық тәртіпте ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Кейінірек сот-химиялық сараптама анықтағандай, әңгіме жалпы салмағы 1 килограмм 088 грамм болатын гашиш туралы болып отыр. Есірткі сатушы өзін-өзі ақтауға асықты, ол, есірткіні үйден алып келе жатқандығы және, тек, өзінің жеке қажеттілігі үшін ғана пайдаланатынын айтты. Шын мәнінде, ол үлкен шаһарға есірткі жеткізудің тұрақты арнасының бірі болып табылады деген нұсқа бар. Осы бойынша жедел ақпарат мұқият тексерілуде, – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Мәулен Қасымжан.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі бойынша тіркелген. Қылмыстық істі Наурызбай аудандық полиция Басқармасы жүргізуде. Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру