Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысы ұсталды

Қарағанды облысы Теміртау қаласының тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте ұялы телефон ұрлаған қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны арыз жазған. Азаматша өз арызында қала көшелерінің бірінде қоғамдық көлікте келе жатқанда белгісіз біреу қалтасынан ұялы телефоны мен екі мың теңге ақшасын және жеке бас куәлігін ұрлап кеткенін хабарлаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 85 мың теңгені құраған.

22 қыркүйек күні криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азамат ұсталып, одан айғақ зат ұялы телефон тәркіленді.

Жәбірленуші жоғалған затын полицияның тауып беретінінен үмітін үзгенін жасырмай, тәртіп сақшыларына атқарған жұмыстарына алғысын білдірді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру