Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтар қан тапсырды

Қызылорда облысында пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтар қан тапсыру акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қан тапсыру — қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Бүгін “Донор бол, өмірге үміт сыйла” атты қайырымдылық шарасына Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен есептегі азаматтар өз еркімен қатысып, қан тапсырды.  Қызметкерлер аудандық ауруханаға таң сәріден келіп, кезек күтіп, тіркеліп, тексерістен өтті.

Дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор бола алды.

– Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс, қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, пробация есебіндегі азаматтар да  донор ретінде қан тапсырып жатыр деді, – аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру