Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық оқушы сабаққа бармау үшін бомба туралы жалған хабарлама таратқан

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиғалар 2 және 3 қыркүйекте орын алды. Өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған белгісіз адам төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, оқу орнындағы «жарылғыш зат» туралы айтқан. Тексеру барысында ақпарат расталмады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының «жалған терроризмге» қатысы бар екенін анықтады.

Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмей, осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Аталған жағдай мұндай «әзілдің» орынсыз екендігін және жасөспірімдердің әрекетін бақылау қажеттігін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру