Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер балабақша тәрбиеленушілеріне жол ережелерін түсіндірді

Қарағандылық полицейлер балабақша тәрбиеленушілеріне жол ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың сүйікті “Барбоскины” мультфильмінің кейіпкерлері Осакаров ауданының ЖПҚ жол-патрульдік полициясының инспекторларымен бірге “Нұрай” балабақшасының тәрбиеленушілеріне жол қозғалысы ережесі бойынша білімдерін ойын түрінде тексерді.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде Осакаров ауданының полициясы бөлімнің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жол-патрульдік полициясы тобының инспекторлары және “Барбоскины” мультфильмінің кейіпкерлерімен бірге “Нұрай” балабақшасының тәрбиеленушілерімен кездесу барысында балалардың жол қозғалысы ережесі білімін бекіту, тәртіпті сақтау және өзінің қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу, ЖҚЕ зерделеу бойынша сабақтарға қызығушылығын тудыру үшін өткізді.

Полиция мультфильм кейіпкерлерімен бірге балаларға нағыз мереке ұйымдастырды. Олар балалармен ойын түрінде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізді, жол ережелері бойынша жұмбақтар шешті.

Мультфильм кейіпкерлері мен полиция қызметкерлерінің арқасында ересек топ тәрбиеленушілері жол элементтері, жол белгілерінің топтары, жүріс бөлігінен өту ережелері, велосипед, самокат, ролик тебу ережелері туралы білімдерін бекітті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру