Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер екі көлік ұрысын қолға түсірді

Қарағандылық полицейлер ұрланған көлікті иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілдеде 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне, белгісіз біреудің үй ауласында тұрған ВАЗ-2114 автокөлігін ұрлап кеткенін айтып хабарласты. Келтірілген залал 825 мың теңгені құрайды.

Оқиға орнынан полицейлер дөңгелек табанының іздері, екі бос сыра бөтелкесін тапты. Шамасы, ұрлықты жасамас бұрын, қаскөй сыра ішіп көңіл көтерген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті ұрлау мақсатында заңсыз басып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді 32 және 22 жастағы екі жігітті анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындап, айғақты зат – автокөлік тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру