Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйді жылусыз қалдырған ұрыны ұстады
Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйді жылусыз қалдырған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуірде Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне көпқабатты үйдің бір пәтерінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері белгісіз біреу жәбірленуші 40 жастағы ер адамның пәтеріне кіріп, жылыту радиаторын алып кеткені белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 29 жастағы ер адамды ұстады, ол қылмысын мойындады. Күдіктіден жасалған қылмыстың заттай дәлелдемелері алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.