Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көп мөлшерде ақша ұрлаған қарағандылық ұры ұсталды

Көп мөлшерде ақша ұрлаған қарағандылық ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір күні Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне 39 жастағы әйел хабарласып, үлкен сомада ақша ұрлатқаны туралы арызданды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, жәбірленуші әйелдің сеніміне кіріп ұялы телефондағы құпия сөздерді білгендіктен, банктің мобильдік қосымшасы арқылы бір миллион теңге қаржыны жымқырған өзінің танысы екендігін анықтады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 27 жастағы, бұрын соттылығы бар қала тұрғынын ұстады. Күдікті өз қылмысын мойындады.

Полицейлерге банк қосымшасындағы бірден кейінгі нөлдердің санын көргенде, өзін ұстай алмағанын айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру