Қарағанды полициясы үйден кеткен жасөспірімді тәулік бойы іздеп, тапты
Қарағанды полициясы үйден кеткен жасөспірімді тәулік бойы іздеп, тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуірде сағат 03.30-да Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 14 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны үйінен кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Баланың бұрын үйден кетіп қалатын әдеті болған.
Санаулы минутта оқиға орнына Қарағанды қаласының барлық полиция қызметкерлері жетіп, іздеу жұмыстарына кірісті. Таңертең іздеу аймағы кеңейтіліп, іздеу топтары көбейтілді. Бүкіл Қарағанды қаласы полициясының гарнизоны қала мен жақын ауылдарға жіберілді.
Баланың жоғалғаны туралы хабарламалар барлық әлеуметтік желілерде пайда болды. Бей-жай қарамағандардың барлығы жасөспірімді іздеуге қосылды. Еріктілер, қарапайым тұрғындардан құрылған топтар қосылды.
Ал кешке, 3 сәуірде сағат 20.30-да Оңтүстік-Шығыс үйлерінің бірінде, тоғызыншы қабаттағы кіре берісте, Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полициясының қызметкерлері баланы тауып алды.
Ата-анасымен және жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.