Маңғыстау облысында мас жүргізуші жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 29 наурыз күні 9 шағын ауданның тас жолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Toyota Avalon» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша 27 жастағы жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде екені анықталды.
Сондай-ақ, осыған ұқсас факті бойынша ер адамның 2019 жылдың қаңтарында сот үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.