Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды

Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуір күні сағат 14:20-да Шымкент қаласы Елшібек батыр көшесі 66 үйде орналасқан “Бензин” ресто-барына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 50 адамға арналған құдалық өткізіп жатқаны анықталды. Ресто-бар әкімшісінің көмекшісінен түсініктеме алынды.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Сондай-ақ карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру