Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар қабылдауда

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында 2020 жылдың 13-15 қарашасы аралығында Қарағанды қаласының Оңтүстік-шығыс ПБ аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»  республикалық акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру бөлімінің, денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен  өткізілуде.

Оңтүстік-шығыс ПБ аумағында азаматтардың, жастардың жаппай жиналатын орындарында, саябақтарда, сауда үйлерінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбындағы билбордтар мен плакаттар орналастырылды, сонымен қатар жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Оңтүстік-шығыс ПБ аумағында орналасқан оқу орындарында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында дәрістер өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру