Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері құжатсыз жүрген облыс тұрғындарына көмек көрсетуде

Шардара ауданының ПБ қызметкерлері ауданның 35 тұрғынына құжаттарын ресімдеуге көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде 17 тұрғынның құжаттары ресімделіп, иелеріне табысталды. Одан бөлек құжатсыз жүрген шетел азаматтарын алдағы уақытта құжаттандыру мақсатында 18 азамат елшіліктен анықтама алу қажеттілігіне байланысты “Сана-сезім” орталығына жолданды.

Мысалы, 61 жастағы Нурия Щенникова Өзбекстан Республикасында туып, Қазақстан Республикасының азаматына тұрмысқа шыққан және кейіннен Түркменстан Республикасының азаматтығын алған.

Қазіргі таңда оған Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адам куәлігін алу үшін Түркменстан Республикасының елшілігінен азаматтықтан бас тарту туралы анықтамаға қол жеткізуге көмек берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру