Қаскөйлікпен заңды бұзған Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды
Қаскөйлікпен заңды бұзған Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде 250 сотталған азамат есепте тұр.
2021 жылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған Дүйсенбай Түркістан қалалық соты бойынша тоғыз ай төрт күн мерзімге пробация есебіне алынған болатын. Өзіне берілген осындай аз мерзімде құқық бұзушылыққа жол бермей, өзіне жүктелген міндетті орындамаудың салдары қатаң жазаға алып келіп соғатынын әсте ойламаса керек. Ол ҚР ҚК 300-бабы бойынша жазаға тартылған болатын. Өзінің қоғамға келтірген зиянды әрекетінен сабақ алмай «Учаске» профилактикалық іс-шара барысында тіркелуге келмей, кешкі уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай, сондай-ақ, ақысыз еңбекті орындаудан бас тартқан.
– Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне алынған алғашқы күні бұл азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілген болатын. Алайда бұл азамат жаза өтеу барысында өзіне сотпен берілген мүмкіндікті тиісті деңгейде орындамады. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, профилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып сотталушы азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы Жасұлан Шарипов.