Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қасқыр итті талап тастады»: полиция қаңғыбас иттер туралы хабарлауды сұрайды

Елордалық полицейлер қаңғыбас иттер туралы хабарлауды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 желтоқсан күні сағат 21:00-де «102» арнасына қала тұрғынынан Панфилов көшесінің бойында итті талап тастаған қасқырдың жүргені туралы хабарлама түсті. Көрсетілген мекен-жайға шұғыл жасақ жіберілді және факт расталды. Полиция қызметкерлері қасқырға жақындағанда жыртқыш агрессия көрсетіп, шабуылдауға тырысты. Сол себепті оған қарсы табельдік қару қолданылды.

Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» қызметкерлері жануарларды қарап шығып, бұл қаңғыбас иттер деп қорытынды шығарып және оларды арнайы автокөлікпен алып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жабайы жануарлар мен қаңғыбас иттер табылған жағдайда оларды ұстап алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Астана ветсервиске», әкімдікке немесе полицияға хабарлауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру