Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады

Елордалық полицейлер ұрлық жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорданың 63 жастағы тұрғыны оны әлеуметтік желілердің бірінде танысқан әйел тонап кеткені жөнінде арызданған. Ер адамның айтуынша, ол танысын бос уақытын бірге өткізуге шақырады. Алкогольді ішімдік ішкеннен кейін ол ваннаға кетеді, осы сәтті пайдаланған әйел ұялы телефонды ұрлап, бөлмеден кетіп қалады.

Осыған ұқсас қылмысты тағы бір 22 жастағы қала тұрғыны жасаған. Ол танысының үйіне қонаққа келіп, жәбірленуші дүкенге шығып кеткен сәтте шотында 300 мың теңгеден асатын қаражаты болған банктік картасын алып кеткен. Ол ақшаны өзінің қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Күдіктілердің екеуі де ұсталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру