Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Анама тіл тигізді”: Алматы облысының тұрғыны туысын соққыға жықты

Полиция қызметкерлері туысын соққыға жыққан ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар күні сағат 18:00 шамасында Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне Есік қаласының ауруханасынан Қызылжар кентінің 31 жастағы тұрғынын қылмыстық сипаттағы жарақатпен ауруханаға жатқызу туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер жәбірленушіге “травматикалық пневмоторакс” диагнозын қойды. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, оны көшеде белгісіз біреулер ұрып соққан.

Ұрып-соғу фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру).

Еңбекшіқазақ АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, жәбірленушінің туысы болып табылатын Қаракемір ауылының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру