Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда ұры тапа-тал түсте сауда үйінен ноутбук ұрлаған

Нұр-Сұлтанда ұры тапа-тал түсте сауда үйінен ноутбук ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам “Гарант” сауда үйіне кіріп, жабық тұрған бутикті байқап, есігін бұрағышпен ашып, құны 90 мың теңге тұратын “Асеr” маркалы ноутбугын жасырын ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру