Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық бас полицей тұрғындармен кездесті

Қызылордалық бас полицей тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров Өсербаев көшесінің тұрғындарымен кездесті. 

Жүздесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар кең көлемде талқыланып, шешімдерін тапты. Жиналған көпшілік өз учаскелік инспекторларының жұмысына қатысты пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, елдегі дүрбелең кезінде алдыңғы шепте тұрып, халықтың тыныштығы үшін қызмет еткен полицейлердің ерен еңбектеріне ерекше тоқталып, ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру