Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қауіпсіз жол»: Павлодар облысында екі күнде 700-ге жуық бұзушылық анықталды

Павлодар облысында екі күнде 700-ге жуық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» айлығының екі күнінде Павлодар облысының жолдарында полицейлер 676 құқық бұзушылықты тіркеді.

– Автокөлік иелерінің көпшілігіне қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін айыппұл салынды. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары осындай 120 тәртіп бұзушыны анықтады. Бұзушылықтардың санын тәртіпті елемеген 99 жаяу жүргінші толықтырды. Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан, облыс жолдарында жылдам жүргісі келетіндер аз бола бермейді. Жылдамдық режимін асырғаны үшін 63 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, смартфондарына алаңдайтындар да жазаланады. Осы бұзушылық үшін тәртіп сақшылары 31 хаттама толтырды. Қызыл бағдаршамға өтетін жүргізушілер бар. Олардың саны 11 болды. Көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған үш жүргізуші полицияның назарына ілікті. Бес азамат мас күйінде көлік жүргізуге отырды. Барлық фактілер бойынша хаттамалар толтырылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мысалы, 19 шілдеде Ақсу қаласында Набережная көшесі, 15 бойында SKY R5 скутерін басқарғарған жүргізушінің осы санаттағы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқтығы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сол күні Ақсу қаласында Астана көшесі, 21 автожолында ЗИЛ автокөлігінің бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту фактісі анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

20 шілде Май ауданы Көктөбе ауылында алдыңғы бүйір терезелерінде перде орнатылған көлікті басқарған Lada-21144 автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘҚБК 590-бабының 7- бөлігі бойынша хаттама. Жүргізушіден мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру