Қазақстан Конституциясымен құрдас Петропавл тұрғыны полициядағы қызметі туралы бөлісті
Қазақстан Конституциясымен құрдас Петропавл тұрғыны полициядағы қызметі туралы бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ата заңмен түйдей құрдас жастар бүгінгі таңда қоғамның белсенді мүшелері. Олар полиция қатарында да қызмет етеді. Петропавл қаласы Жұмысшы кентінде 2019 жылдан бері учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымында полиция кіші лейтенанты Ерлан Ногурбеков еңбек етуде.
– Еліміздің негізгі заңының қабылдануы – Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. 1995 жылғымын, мені Отанымның тарихына қандай да бір қатысымның бары қуантады және өмірде, қызметте қабылданатын әрбір шешімге ерекше жауапкершілікті жүктейді, – дейді ол.
Учаскелік полиция инспекторы жұмысында жауапкершілік аса маңызды. Ерлан өзінің балалық шағы өткен Жұмысшы кентіне жұмысқа сұранған.
– Бұндағы контингент күрделі, халыққа қаншалықты көмек пен қолдау керектігін жақсы түсінемін, – дейді жас офицер.
Оның құрдастары теріс жолға түскенде, Ерлан спортпен айналысқан. Ол футболбен, күреспен айналысқан және осы күнге дейін спорттық сайыстарға қатысып келген. Ол полициядағы қызмет туралы мектеп қабырғасында жүрген кезде ойлана бастаған, ол өзінің тағдырын адамдарға көмек көрсететін қызметпен байланыстармақшы болған.
Адамдармен және жергілікті жағдаймен таныс болу – жұмыстың берік негізі. Бірде жанжал шығару фактісі бойынша тексеріс жүргіздік: мас ер адам дүкеннен қарызға спирттік ішімдік алмақшы болған, алайда, оған бас тартқанда жанжал шығарған.
– Ол жанжалдасып жүретін адам, бұған дейін де билік өкіліне бағынбағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған болатын. Ол мені таниды, сондықтан жанжалға бармады, – деп бөлісті Ерлан.
Жұмыс ауқымы кең: учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсететін аумақта орын алатын оқиғаларға жауап береді. Адамдарды қабылдап, шақыртуларға шығу керек, есептегі адамдарды тексеріп, қылмыстардың алдын алу жұмысын жүргізу және оларды ашуға көмектесу қажет. Конституция күні Ерланның жұмысы қыза түседі. Адамдар демалысты алаңсыз өткізуі тиіс – бұл полицейлердің кез-келген мереке күніндегі негізгі мақсаты.
– Біздің әрқайсымыз әр күн сайын, минут сайын еліміздің өміріне, оның нығайюына және гүлденуіне өзінің үлесін қосудамыз, – дейді ол.