Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясының құрдасы елордалық полицияда қызмет етеді

Бауыржан Пернебеков Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Алматы» ауданы Полиция басқармасында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бауыржан Пернебековтің болашақ тағдыры мен мамандық таңдауы туған күнімен сәйкес келеді. 23 маусым күні өзінің де жеке мерекесін атап өтетін тәртіп сақшысы полиция құрдасы болып табылады. Оған құқық қорғау органдарында 25 жыл адал қызмет атқарған әкесі үлгі болған. Оның әкесі учаскелік инспектор болып қызмет атқарған және бүгінде еңбек демалысында.

Учаскелік полицейдің жұмыс күні аудандық полиция басқармасында таңертеңгі қызмет орнына үйлестіру жиынынан басталады. Содан кейін азаматтардың дабылдарына жауап беру үшін өзінің әкімшілік учаскесіне аттанады. Тәртіп сақшысының қарауындағы әкімшілік учаскеде 8 мыңдай адам тұрады.

Учаскелік инспектор – бұл халыққа ең жақын, адам қасіретімен бірінші болып кездесетін және көмек туралы дабылдарды қабылдайтын полицей. Бауыржан Пернебеков тұрғындармен жұмыстан тыс уақытта да байланыста. Осы орайда оған қазіргі заманның байланыс құралдары көмектеседі.

Дене шынықтыру полиция қызметінде маңызды орын алады. Сол себепті де полицейлер үшін спорттың мәні зор. Полиция капитаны да салауатты өмір салтын қолдайды, бос уақытын үлкен теннис ойнаумен өткізеді.

Жылқы малын ерекше жақсы көретін Бауыржан атбегілікпен де шұғылданады.

Учаскелік инспектордың міндеттерінің көптігіне және әкімшілік учаскенің тұрғындары алдындағы жауапкершілігіне қарамастан, Бауыржан Пернебеков өз кәсібін өте жақсы көреді және мақтан тұтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру