Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы қызметкерлерінің балалары ПД тарихымен танысты

Алматы полициясы қызметкерлерінің балалары ата-аналарының жұмыс орындарына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ашық есік күндері науқаны Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылды.

– Іс-шараның мақсаты – қалалық полицияның оқиғаға толы тарихын өскелең ұрпақтың зерделеуі, ішкі істер органдарының қызметін кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасы полиция қызметкерінің жағымды бейнесін қалыптастыру, өз халқына деген мақтаныш сезімін, Отанына деген сүйіспеншілікті ояту, қоғам игілігі мен Отанның гүлденуі үшін еңбек етулеріне үлес қосу. Полиция қызметкерлерінің балаларына тренажерлармен және төсеніштермен жабдықталған спорт залы көрсетілді, онда олардың ата-аналары қауіпті қылмыскерлерді ұстауға қажетті самбо әдістерімен жаттығады және шыңдалады. Криминалист мамандар саусақ ізін зерттеуге қажетті материалдарды сапалы жинақтау бойынша шеберлік сабағын өткізді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

ПД ғимаратының алдына жабдықтар орналастырылды, оның көмегімен полиция қылмыспен күресіп, қаладағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мұражайда балалар бейбіт уақытта қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан нағыз батырлар туралы көп мағлұмат алды.

– Сондай-ақ, бұл науқан орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқитын, әкесінің,анасының жұмысын жалғастырып, ішкі істер органдары қатарына қосылғысы келетін балалар арасында полиция қызметін кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Бір қуантарлығы, полиция қызметі туралы толығырақ білген кейбір ұлдар болашақта осы мамандықты таңдап, тәртіп сақтау мен азаматтардың тыныштығын күзетуді жөн санайды. Кім біледі, олардың арасында біздің болашағымыздың қаһармандары да бар шығар, – дейді Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру