Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.

– Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру