Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандықтардың 15 млн теңгесіне қол сұққан павлодарлық екеу ұсталды

Қазақстандықтардың 15 млн теңгесіне қол сұққан павлодарлық екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға түсетін әрбір үшінші шағым алаяқтықпен байланысты.

– Осы жылы Павлодар облысының аумағында интернет-алаяқтықтың 482 фактісі тіркелді. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға қырағы болуға және алаяқтардың түрлі айла-амалдары туралы ескертсе де азаматтар алаяқтардың алданып қалуда, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов. 

Мысалы, бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғындары танымал сайттарда жоқ тауарларды сата отырып, 200-ден астам қазақстандықты алдаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полицейлері 24 және 27 жастағы облыс орталығының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

Сумақай жастар OLX, Kolesa KZ сайттарында жоқ тауарларды сату туралы хабарландыру орналастырған. Сонымен қатар, олар қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, Қазақстанның барлық аумағында интернет-алаяқтықты жүзеге асырып келген. Клиенттер орташа есеппен 10 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем жасаған. Ақша үшінші тұлғалардың, яғни алкогольді асыра пайдаланатын адамдардың, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың шоттарына түскен. Осыдан кейін “сатушымен” байланыс үзіліп отырған. Барлық фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар қамауда. Қазіргі уақытта 200-ге жуық қылмыс анықталды. Залалдың жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрайды.

Полиция азаматтардан қырағы болуды және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуді сұрайды. Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде сіздің банк картаңыздың арғы бетінде орналасқан ақпаратты ешкімге хабарламаңыз. Телефон қоңырауы, SMS немесе ММS арқылы алынған белгісіз адамдардың нұсқаулары бойынша банк қызметкерлерінен, әсіресе, егер олар банк картасымен манипуляция жасауды талап етсе, әрекет жасауға асықпаңыз. Бейтаныс адамдарға аты-жөніңізді, төлқұжат мәліметтерін және басқа да жеке деректерді айтпаңыз. Тағы бір маңызды ескерту – банк қызметкерлері ешқашан клиенттерден ДСН-кодты атауды талап етпейді. Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері туралы полицияға дереу хабарлаңыз. Азаматтардан өтініштерді қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру