Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа орналаспақ болған жетісайлық тұрғын танысына алданып қалды

Жетісайлық тұрғын Атырау облысындағы мекемеге жұмысқа орналастырамын деген танысына алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның сырттай танысы Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін деп сеніміне кірген. Ол үшін 150 мың теңге ақшасын алып, уәдесін орындамай, ақшаны қайтармай, алдап жүргені туралы жазып көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды.

Нәтижесінде, небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру