Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті

Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру