ҚАЖ әкімшілігі қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ ОВ-156/15 мекемесінің әкімшілігі ақ халатты абзал жандарға көмек көрсету мақсатында «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында мекеме бастығының емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерлан Ибраев бастаған және мекеме қызметкерлері, еріктілердің көмегімен Семей қаласының НАО МУС провизорлық бөлімшесінің медициналық қызметкерлеріне кешенді түскі ас әзерлеп жеткізген болатын.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді.
– Мен өзім де дәрігермін, сондықтан әріптестерімнің жағдайын толық түсінемін, маған бұл адамдар өте жақын. Біз де өзіміздің республикалық соматикалық ауруханада сотталғандардың денсаулықтарын қорғаймыз. Мұндай акцияны әрі қарай да жалғастыру біздің жоспарымызда бар. Біздің жерлестерімізге тезірек сауығып кетуге тілектеспіз, уақытпен санаспай ауруларға көмек көрсетіп жатқан барлық дәрігерлерге, медициналық қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Бір-бірлеріңе жанашыр, туысқандарыңызға қамқор болыңыздар, бір-бірімізге мейірімді болайық, – деді мекеме бастығының емдеу-профилактикалық жұмыстары бойынша орынбасары Ерлан Ибраев.