ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ардагерді құттықтап қайтты
Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Семей қаласы пробация қызметінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі Анастасия Трясунованы құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Анастасия Трясунова 1924 жылы 3 қарашада Алтай өлкесінің Курьин ауданы Кузнецово ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы үлкен трагедиядан басталды, олардың үйі жанып кеткен, ал анасы өрт кезінде қаза тапты.
Балаларды әкесі тәрбиеледі, кейінірек атасы барлық отбасын Кемерово облысына Сталинск қаласында (қазір – Новокузнецк қаласы) ауыстырды. Орта мектептің 7 сыныбын бітіріп, Анастасия медициналық училищеге түсіп, 16 жасында Новосибирск қаласынан Кеңес армиясының қатарына ерікті түрде кіруге талпынған, алайда оны жас деп санаған. Сол кезде жұмыс істеуге ниет білдіріп, әскери зауытқа «Катюша» снарядының техникалық бақылау бөліміне орналасты. Одан әрі ІІ Балтық жағалауы майданына, 22 Сібір гвардиялық дивизиясына қабылданды, онда «аға сержант» атағын алды.
Жылы үй жағдайында соғыс ардагері майдан күндері туралы әңгімеледі.
Оның естеліктерінің бірі: «Мен Ригадағы шайқастан кейін басым жараланғанда, госпитальде жатқанымда, айналасында жараланған бас сүйектері болды. Мен өзіме келген соң, қорқынышты суретті көрдім, адамдар әлі тірі болды. Сонда мен хирургқа айттым, кез келген қағазға қол қоямын, бірақ мұнда мен қалмаймын. Дәрігер маған: «Сізді ешкім ұстамайды» деп жауап берді. Госпитальдан шыққан соң, мен бүкіл жерім қан, аяғымның астында қорғасынды сездім»
Анастасия Трясунова ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, КСРО-ның марапаттау жүйесіндегі жоғары медалі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталды, дивизияның барлық сапының алдында «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды, «Жапонияны жеңгені үшін» жауынгерлік наградасымен марапатталды, сондай-ақ ол Қиыр Шығыста «Сталиннің алғысына» ие болды.
Кездесу барысында соғыс ардагері Семей қаласының пробация қызметінің жеке құрамына көрсеткен көңілдері үшін алғысын білдіріп, жас ұрпаққа «Қаншалықты қиын болса да – ең бастысы адам болу керек» деген тілегін жеткізді.
Біз бүгінгі ұрпақ әрқашан ата-бабамыздың ерліктерінің алдында басымызды иіп, осындай айбынды елдің ұрпағы болғанымызға қуанамыз. Көреген көшбасшы мен қонақжай халықтың мерейі әрдайым үстем болып, жеңісімізбен жетістігіміз көбейе берсін!