Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ мекемесінде мониторинг жүргізілді

ҚБК мүшелері мен ҰААТ қатысушылары ҚАЖ мекемесінде мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының Ұлттық алдын алу тетігінің топ басшысы және Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері ИЧ-167/9 мекемесіндегі сотталғандардың құқықтары және заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, оларды ұстау жағдайлары, медициналық-санитариялық қамтамасыз етілуі, еңбегі және бос уақытын тиімді пайдалану бөлігіне, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлеріне қоғамдық мониторинг жүргізді. 

ҰААТ топ жетекшісі Николай Тарара, ҚБК төрайымы Райхан Хобдабергенова мүшесі Валентина Скрябина, ҚАЖ департамент бастығы Талғат Абдранбаев және Ұлттық ұлан № 6698 әскери бөлімінің штаб бастығы Даурен Толтаев мекеменің барлық жасақтарын аралап, жасақтың санитариялық-гигиеналық жағдайы мен асхана, монша, карантин бөлімшелерін, сондай-ақ жасақтардағы сотталғандармен сұхбаттасып, эпидемияға қарсы жүргізіліп жатқан дезинфекциялық іс-шараларды көріп, оң бағаларын берді.

Сонымен қатар өндіріс аймағында жұмыс істеп жатқан тігін цехында болып, онда сотталғандардың қолымен тігіліп жатқан бетперделерді көріп, ерекше әсерде болды және өз ризашылықтарын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

– Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың барлығы бетпердемен қамтамасыз етілген, жасақтарда барлық санитариялық талаптар сақталған. Мекеменің барлық жасақтарын, асхана, медицина бөлімі және карантин бөлімшесін аралау барысында сотталғандар тарапынан азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлері бойынша арыз-шағым болған жоқ, – дейді Ұлттық алдын алу тетігінің топ басшысы Тарара Николай.

Ағымдағы жыл басынан ҚБК мүшелері мен ҰААТ қатысушылары мекемеге осымен алтыншы рет келіп, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру