ҚАЖ қызметкерлері балаларды қуантты
Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару-жүйесінің жеке құрамы «Балалар үйіне» барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалар үйіндегі 52 бүлдіршінге Жаңа жыл қарсаңында тәттілер, түрлі жемістер мен олардың салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық киімдер табыс етті.
– Қазақ жетімін жылатпаған халық. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы. Біз олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Осы елу екі баланың барлығы кәмелеттік жасқа толып, жоғары білім алып, мамандыққа қол жеткізіп, қоғамның бір мүшесі ретінде тұлға болып қалыптасып, өмірде өз жолдарын табуына тілектеспіз, – дейді ҚАЖ департамент басшысы Талғат Абдранбаев.
Барлық балалардың дене бітімінің өлшемдері алдын ала алынып, соған сәйкес елу екі бүлдіршіннің барлығына спорттық киімдер алынды. Бала қуанса әлем қуанады емеспе, баланың күлкісінен асқан бақыт жоқ. Барлық жақсы нәрселер тек, соларға ғана арналады. Бұл қайырымдылық іс-шараның басты мақсаты – балалардың құқығын қорғауға, бақытты балалық шағын тыныш әлемде өткізуге және өз елінің толық және бейбіт азаматы ретінде қалыптасуына үлес қосу болып саналады.
Балаларды мереке қарсаңында қуанышқа бөлеген ҚАЖ қызметкерлеріне «Балалар үйінің» директоры өз алғысын білдірді. Мұндай іс-шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.