Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖД қызметкерлері ауруханаға азық-түлік жеткізді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/2 мекеме қызметкерлері ауруханаға азық-түлік апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмек қол ұшын созу мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы барысында ауруханада жатқан әріптестеріне және аурухана қызметкерлеріне ағзаға қажетті дәруменді жеміс-жидекпен, ет, сүт өнімдерімен қолдау көрсетті.

– Елдегі қазіргі қиын уақытта “Біз біргеміз!” деген сөздің қаншалықты маңызды, қажет екенін түсініп жатырмыз. Ауырып жатқан әріптестеріміздің тез сауығып кетуін тілейміз жәнеде ауыр індетке шалдыққан адамдарды емдеп жүрген дәрігерлергеде қолдау көрсетуді жөн көрдік. Ауруханаға түнеп отбасын көруге уақыт таппай жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс айту жеткіліксіз. Бірақ көмек көрсету қолдау маңызды, –  дейді ОВ-156/2 мекеме қызметкері А.Алханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру