Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК төрағасы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

ҚАЖК төрағасы Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ішкі істер органдарының жұмысы туралы хабардар етті.

Өз сөзінде Жанат Ешмағамбетов министрлік мазмұнды және сапалы өзгерістер бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Қылмыстық-атқару жүйесінде де жаһандық реформалар жүргізіліп жатыр.

Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсартуға бағытталған қолданыстағы заңнама жетілдірілуде. Пенитенциарлық мекемелерде “көрінбейтін аймақтарды” болдырмайтын жаппай бейнебақылау енгізіліп жатыр.

Есепке алынатын адамдарды пробациялық бақылау әдістері жетілдірілуде, қашықтықтан бақылауды және кез келген бұзушылықтарға жедел ден қоюға, қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін “электрондық білезіктер” қашықтан бақылау құралдары енгізілуде. Халықпен негізгі кездесуден кейін Жанат Ешмағамбетов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. Сонымен қатар жұмыс сапары барысында комитет төрағасы № 29 мекемеге барып, жаппай бейнебақылауды енгізу барысымен және басқа да бірқатар жаңалықтармен танысты.

Мекемені аралап шыққаннан кейін ҚАЖК басшысы жеке құраммен кездесіп, өңірдің үздік қызметкерлерін марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру