Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрт ауданында карантин режимін бұзған аспаз жауапқа тартылды

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзушылар саны артуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар атқаруда. Осы тұста карантин режимін бұзған Қазығұрт ауданында орналасқан кафелердің бірінің аспазының бетпердесіз жүргені анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған іс-құжаттарды топталып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сонымен қатар мобильді топ өкілдері, Қазығұрт ауданы орталығындағы тойханалар мен мейрамханаларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара көрілетіні туралы айтты. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру