Қазығұртта көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды
Қазығұртта көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің аумағында рейдтік шара жүргізді. Шара кезінде полицейлер Opel Zafira көлігінің жүргізушісі көлікті дұрыс басқармай келе жатқанын көріп, оған тоқтауды бұйырды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай қаша жөнеледі. Оны тәртіп сақшылары артынан қуып барып, тоқтатады.
Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесінде, оның алкогольді масаң күйде екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін Қазығұрт аудандық сотының үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.