Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам қос азаматтықты 13 жыл бойы жасырған

ШҚО-да ер адам қос азаматтықты 13 жыл бойы жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтады.

Бородулиха ауданында полиция қызметкерлері 55 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматтығын 2009 жылы алғанын және ол туралы бүгінгі күнге дейін үндемегенін анықтады. 13 жылдан бері көрші елдің азаматы болып, Қазақстан аумағына кірген кезде ер адам ҚР азаматының құжаттарын пайдалануды жалғастырған .

– Бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы тіркелді, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПД Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру