Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған 57 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азамат есірткі заттарын 90 полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты кептірілген марихуана екендігі белгілі болды, жалпы салмағы – 6 келі 363 грамды құрады.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тексеру барысында 2 түп сора есірткі өсімдігі алынды.

Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру