Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ІІО-ның 110 ардагері марапатталды

Павлодар облысында ІІО-ның 110 ардагері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ардагерлер ұйымдарының жұмысына қосқан үлесі, жас қызметкерлерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың кәсіби шеберлігін арттыру және Қазақстан полициясының 30 жылдығына байланысты “ІІМ-нің құрметті ардагері” төсбелгісімен отставкадағы полиция полковнигі Адами Ысқақов және отставкадағы милиция подполковнигі Мұрат Құлымжанов марапатталды. ІІО Ардагерлер кеңесі және Ұлттық ұлан комитетінің грамотасымен отставкадағы полиция полковнигі Әлиасқар Баженеев марапатталды.

Ардагерлерге марапаттарды Ардагерлер кеңесінің және Ұлттық ұланның төрағасы Бақберді Абраев табыстады.

Әріптестерін құттықтай отырып, Бақберді Абраев ардагерлер ішкі істер органдарының қызметіне елеулі үлес қосатынын, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу, халық арасында құқықтық білімді насихаттау, қоғамда құқық қорғау органдарына қатынастарда құқықтық ахуал қалыптастыру жұмыстарына қатысатынын атап өтті.

Ардагерлерге олардың еңбегі, немқұрайлы еместігі және көмекке келуге дайындығы үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық, рух сергектігі мен өшпес оптимизм тіледі.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарындағы көпжылдық және мінсіз қызметі үшін және Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге байланысты “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісімен ІІО-ның 110 ардагері марапатталды.

– Бүгін жоғары марапатқа ие болдым. Ішкі істер органдары қызметкерінің дәстүрлеріне, ұғымдарына адал болдым. Абырой, парыз және бедел — бұл жай ғана әдемі сөздер емес, – дейді төсбелгінің иегері отставкадағы полиция полковнигі Ысқақов Адами Қадырбекұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру