Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған адам семейлікті 250 мың теңгеге алдап кетті

Бұрын сотты болған адам семейлікті 250 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының соңында Семей қаласының Орталық полиция бөліміне 69 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ол 20 мамырда бейтаныс ер адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы сатып аламын деген сылтаумен оның жұмыс істемейтін ВАЗ автокөлігін иемденіп, кейіннен оны қосалқы бөлшектер ретінде сатып жібергенін айтты. Жәбірленуші келтірілген залалды 250 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөліміне ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша бұрын сотталған 30 жастағы ер адам жеткізілді. Тергеу барысында өз кінәсін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру