Қоғамдық қорғаушы тергеуге алынған адамға телефон алып кірмекші болды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД тергеу изоляторының қызметкерлері келушіні тексеру барысында іш киіміне жасырылған ұялы телефонды тапты. Сонымен қатар USB сымы, сим-карта және флэш-карта табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Б. есімді азаматтан ұялы телефон және басқа да заттар табылды. Ол өзі қоғамдық қорғаушы болып табылады және өзінің қорғауындағы адамға келген, – деді тергеу изоляторының бастығы Аман Құлмұхамбетов.
Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы "ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдарды беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.