Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам колонияға телефон лақтыруға тырысты

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/14 мекемесінде ер адам телефонды қоршау арқылы лақтыруға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеменің тыйым салынған аймағы учаскелерінің бірінде оны лақтыруға әрекет жасаған кезде ер адам ұсталды. Одан скотчпен оралған үш пакет табылды. Ер адам тыйым салынған заттарды колония аумағына сотталғандарға лақтырмақ болғаның растады.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері келгеннен кейін жоғарыда аталған пакеттер ашылып, ұялы телефон, 10 қуаттағыш және 5 құлаққап табылды.

– Өкінішке орай, барлық алдын алу шараларына қарамастан, сотталғандардың туыстары мен достары, сондай-ақ басқа да адамдар тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, мекеме қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында мұндай әрекеттер жиі тоқтатылады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру