Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жалған құжатпен жолаушы тасымалдаған 53 шетелдік көлік анықталды

Жамбылда жалған құжатпен жолаушы тасымалдаған 53 шетелдік көлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта шет елдерде тіркелген көліктермен облыс және қала арасында жолаушы тасымалы көбейді. Полиция қызметкерлері аталған көліктермен жасалған заң бұзушылықтарды анықтау шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.

Осы мақсатта Жамбыл облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес полиция қызметкерлерімен республикалық маңызы бар жолдарда рейд жұмыстарын жүргізу барысында 53 Toyota Alphard және Toyota Estima автокөлігі тоқтатылды.

Бұл көліктердің жүргізушілері заңсыз түрде жолаушы тасымалдағаны және көлік құжаттары техникалық нормаларға сай келмейтіндігі анықталды. Олардың барлығы айып тұраққа қойылды.

Аталған деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, республикалық маңызы бар автожолдар мен қала ішіндегі жолдардағы рейд жұмыстарына облыс ПД бастығы және орынбасарлары да қатысуда.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен жүргізілген “Қауіпсіз жол” айлығы барысында облыс көлемінде 25 923 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Мас күйінде көлік құралын басқарған 95 жүргізуші жауапқа тартылды. Қоғамдық көліктерге қатысты 158 хаттама толтырылды. Қарсы бағытқа шығып кеткені үшін 23 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды. Айып тұрағына 652 автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру