Қоныс колониясындағы жазасын өтеушілер дәрігерлерді мерекелерімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысында қоныс колониясындағы жазасын өтеушілер дәрігерлерді мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым елімізде ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ 156/16 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар өз еңбектерімен баптап, өсірген гүл шоқтарын мекеменің ақ халатты абзал жандарының бірі Мұнайма Қабдрахменқызына арнайы сыйлап, бұл кісінің еңбегін ерекше бағалайтындықтарын білдіріп, төл мерекесімен құттықтады.
– Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігер. Оларды «ақ жейделі абзал жандар, адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та, артық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алатынын жақсы білеміз, – деді жазасын өтеушілер.